368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары бес әлеуметтік бастама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

  • 234
  • UPD: 15:52, 14.07.2018

Депутаттар жазғы демалысынан уақыт бөліп, халықпен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Олар Елбасының бес әлеуметтік бастамасын кеңінен түсіндіру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаментіне барды. Мәжілісмендер 21 ғасыр індетімен күресушілерге парақорлыққа балта шабу шараларының маңыздылығын айтып, ең басты міндетіне азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау екендігін еске салды. Айта кетейік, түсіндіру жұмыстары тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біздің әріптестер шілде-тамыз айларында халықпен кездесу жұмыстарын жалғастыра бермек. Заңға сәйкес, тоқсанда бір рет осылай қалалар мен өңірлерге шығып отырамыз. Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту мен зияткерлік меншікті қорғау бастамалары ерекше мәнге ие деп айта аламын. Мәселен, жуырда адвокаттық қызмет және халыққа заңгерлік көмек көрсету туралы маңызды құжат қабылданды. Бүгінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет. Сондықтан көбіне осы заңға жиі жүгінемін.

Осы категория бойынша: « Қызылордадағы 1901 жылдан бергі қолданыстағы көне сағат Ақмешіт музейінде сақтаулы Атырауда түлектердің 50 пайызына жұмыс беруші компаниялар алғашқы еңбек кітапшаларын ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы