365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 405 нысан бюджет қаражатына салынып жатыр

  • 171
  • UPD: 16:50, 18.07.2018
Алматыда 405 нысан бюджет қаражатына салынып жатыр

Алматыда құрылыс қарқынды.

Қаладағы 1608 нысанның 405-і бюджет қаражатына салынып жатыр. Оның ішінде мектеп, аурухана мен өзге де әлеуметтік нысандар бар. Енді екі қабатқа дейінгі нысан салушылар үшін айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатын өткізген қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бағдат Мәнізоров айтты. Қалада рұқсатсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары да жүріп жатыр. Мысалы, биыл  сондай 65 нысан бұзылған. Ғимаратты рұқсатсыз салғандарға 720 әкімшілік хаттама толтырылып, 91 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелген. Ғимарат салудағы бассыздықтың белең алуын бас сәулетші бұған дейін құрылысқа рұқсат алудың қиындығымен  байланыстырады.

Бағдат Мәнізоров, Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Алтыншы маусымнан бастап заңға өзгеріс енгізілді. Бұрын жекеменшік үй салу үшін алдымен адам қалалық сәулеттен рұқсат алады. Содан кейін ол авторлық техбақылау дейміз, осымен келісімшартқа отырып барып салатын. Қазір жеңілдік жасалды. Бұның бәрін тоқтатты.

Осы категория бойынша: « Өскеменде қылмыстық топтан 50 келіге жуық марихуана тәркіленді «Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы кеңес отырысын өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы