365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар парашютпен секіреді

  • 200
  • UPD: 17:40, 24.07.2018
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар парашютпен секіреді

Астанадағы «Дос» тәуелсіз өмір» орталығының төрт мүшесі парашютпен секіруден өтетін халықаралық фестивальға қатысады.

Жарыс шілденің 25-29-ы аралығында Ресейдің Рязань облысында өтеді. Шараға әлемнің әр түкпірінен тірек-қимыл жүйесіне зақым келген мүмкіндігі шектеулі жандар жиналады. Қатысушылар жаттығуларды нұсқаушылармен бірге орындайды. Алдағы уақытта мүгедектер арасында бұл спорт түрін дамыту жоспарланып отыр. Осыған орай «Дос» тәуелсіз өмір» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мен парашют спорты федерациясы меморандумға қол қойды. Құрама команда мүшесі Жанат Бабағұлованың айтуынша, алдыңа нақты мақсат қоя білсең, оған жетуге қоларба кедергі бола алмайды. 

Жанат Бабағұлова, «Небо-Дос» құрама командасының мүшесі:

- Парашютпен секіруді бала кезден армандағанмын. Таныстарымның кеңесімен парашют клубына бардым. Біраз дайындықтан соң көкте қалықтауға мүмкіндік алдым. Ол кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Енді, міне, жарысқа кетіп барамын. Талап бойынша секіргеннен бастап бейнетүсірілім жасалады. Қазылар техникаңа қарап бағалайды. Шетелде бұл спорт түрі жақсы дамыған. Енді, міне, бізде де оны өркендетуге қатысты келісімдер жасалып жатыр.

Осы категория бойынша: « Жезқазғанда апатты үйлер жөнделіп жатыр «Айбын-2018»: жеңімпаздар анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы