367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау тұрғыны жартастың бойымен жол салу жұмыстарын тоқтатуды сұрап отыр

  • 190
  • UPD: 10:21, 26.07.2018

Ақтау қаласының тұрғыны жартастың бойымен жол салу жұмыстарын тоқтатуды сұрайды.

Өйткені онда Қазақстанның Қызыл кітабына енген жұмсақ жеміс өседі. Вячеслав Верещагиннің айтуынша, құрылыс жұмыстары бұл ерекше өсімдіктің жойылып кетуіне қауіп төндіреді. Алайда жоба жасаушылардың пікірінше, сүрлеу жолдан өсімдікке ешбір зақым келмейді.

Вячеслав Верещагинның айтуынша, осыдан екі апта бұрын бұл маңда сирек өсетін жұмсақ жеміс болған екен. Ал бүгін оның ізі де жоқ. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктің ендігі қалғаны жартас құрылыс басталмаған бөлігінде өсіп тұр.

Вячеслав Верещагин, қала тұрғыны:

– Біз Қызыл кітапқа көз жұма қарауымыз керек пе? Қалада ағашты кесе алмаймыз, ал бұл маңда не істесе де бола бере ме? Қызыл кітаптан бөлек, Үкіметтің 2007 жылғы 21 маусымындағы қаулысы бар. Қазір ол сақталмай отыр. Бұл жер өте көрікті аймақ, оны бұзып емес, керісінше көркейту керек.

Жоба авторлары мұнымен келіспейді. Олар Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік жайынан хабардар. Бұрынғы сүрлеу жолдарды қайтадан жаңғыртып, сирек кездесетін өсімдікке зиянын тигізбейтіндерін айтады.

Марат Сюников, жоба жетекшісі:

– Жұмысшылар бұл жайында біледі, жартасты бойлай соғылатын жолға ауыр техникалар тартылмаған. Барлығын жұмысшылар салуда, өсімдікке еш зияны тимейді

Жоба авторларының келтірген мәліметтері мен дәйектері жергілікті тұрғынның көңілін көншітпей отыр. Ол жобаны қайта қарауға бар күш жігерін салмақшы. Вячеслав Верещагинның ұсынысы – соқпақ жолды жартастың жоғарғы жағынан салып, сирек кездесетін өсімдікке зиян келтірмеу.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Ольга Золотых, Сұңғат Төлебаев

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында Шет ауданының 90 жылдығы атап өтілді Қырғызстанда жыл басынан бері Сириядағы әскери жағдайға қатысы бар 12 адам ұсталған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы