365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайдағы полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

  • 164
  • UPD: 17:23, 01.08.2018

Биыл бурабайлық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Себебі туристердің қатары жыл санап көбейіп келеді.

Мәселен, биылға дейін курортты аймақтың тыныштығын бірнеше патруль ғана қадағаласа, бүгінде Бурабайда 10 шақты жедел топ жұмыс атқарып жүр. Кісі аяғы көбейген жерде заң бұзушылық та жиілейді. Айталық, өткен жылы мұнда 1200 тәртіп бұзушылық анықталса, қазірдің өзінде осындай 1700 дерек тіркелген. 

Бурабайдағы тыныштықты күзететін 10 мобильді топтың бесеуі күндіз, ал қалғандары түнде кезекшілікке шығады. Курортты аймақта көбінесе, ұрлық-қарлық, мас адам демалушылардың мазасын алуы, алкогольдік ішімдік ұрттап рөлге отыру секілді тәртіп бұзушылықтар жиі кездеседі екен. Ал биыл тіркелген 1700-ден астам заң бұзушылықтың 1500-і жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне тиесілі.

Бурабайда көлік кептелісі көп болып тұрады. Жол ережесі де жиі бұзылады. Себебі жолдар тар. Көлік тұрағы аз. Сондықтан да санаулы патруль мұның бәрін игере алмас еді. 

Самат Шәймерденов, Бурабай аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

- Егер өткен жылы бізде жаяу патрульдерге қосымша ретінде бір ғана мобильді топ болған еді. Ал биыл 10 автопатруль қосылды. Бұл жұмысты едәуір жеңілдетеді. Одан бөлек, 10 шақты атты полицей де бар. Қоғамдық көмекшілер де жәрдемдесіп тұрады. 

Полицейлер туристерді өздерінің жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Себебі ұрлық жасауға жол бермеу қажет. Ал қонақтар болса бейқам. Айтуларынша, алаңдауға негіз жоқ. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған тәртіп сақшылары бар. Яғни соларға арқа сүйейді. 

Блиц:

- 100 пайыз қауіпсіз сезінем өзімді. Керемет! Осындай демалыс орны бар. Қауіпсіздік шараларының бәрі жаратылған. 

- Ешқандай жамандық көрген жоқпын. Ешқандай зиян көрген жоқпын. Бәрі жақсы. Бала-шаға, немелеріммен келіп едім. Қазір бәрі аралап жүр. 

- Өзімді қауіпсіз сезінем. Бәрі керемет. Бәрі жүр міне, елдердің бәрі демалып осы жерде. 

- Бұл жерде әркім өзін емін-еркін сезінеді. Мына бала-шағасы көп біз де емін-еркін жүрміз қыдырып. 

Жалпы Бурабай курортты аймағына күніне шамамен 10 мыңнан астам турист келіп-кетеді екен. Олардың ішінде шетелдіктер де бар. Ал әр адамның мінезі мен менталитеті, мәдениеті мен ойлау қабілетінің әр түрлі екенін ескерсек, полицейлерге жүктелер міндет оңай емес.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында болған апаттың шығынын вагондардың иесі өтейді Елімізде әлем бойынша алғаш рет жасанды жүректің орнына донор жүрегі салынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы