371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 253 бас ірі қара қырылып қалған

  • 233
  • UPD: 14:09, 22.08.2018

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысындағы шаруашылықтардың бірінде 253 бас ірі қара қырылып қалған.

Өлген малдың еті мен жем-шөптен сынама алынып, ветеринарлық зертханаға жіберілген. Нәтижесінде аса қауіпті мал ауруы анықталмаған. Малдың өлім-жітімі токсикологиялық уланудан болыпты. Зертханалық тексеру сиырлардың ағзасында алкалоид затының мөлшерден тыс болғанын анықтаған. Ал жем-шөп құрамынан ақмия табылған. Қазір шаруашылықтың зоотехникалық қызметін ішкі тексеру жүріп жатыр. Облыстың ветеринарлық қызметі жағдайды бақылауға алды.

Осы категория бойынша: « Еліміздің білім беру ошақтары жылу маусымына 100% дайын Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін су басты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы