374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде 4 мың 200 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 208
  • UPD: 09:46, 24.08.2018
Биыл елімізде 4 мың 200 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Биыл еліміз бойынша 4 мың 200 шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақсатқа  қосымша 60 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінген.  Құрылыс учаскелері кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Жыл соңына дейін 500 шақырымды құрайтын қашықтықта  жол қозғалысы ашылады. Бұл туралы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуы барысына арналған баспасөз мәслихатында инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары  айтты.  Сонымен қатар ол Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас күре жолының ақылы болатынын тағы мәрте еске салды. Соған қоса Үлкен Алматы айналма жолының құрылыс жұмыстарының қарқынды жүріп жатқандығын да атап өтті.   

Амангелді Беков, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

- Алматыда жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді Алматы облысының аумағындағы құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Яғни шаруаға еш кедергі жоқ.  Өздеріңіз білесіздер мамыр айында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы қолға алынған болатын.  Жыл соңына дейін барлық 66 шақырымда жұмыс жүргізіледі. Толығымен 2021 жылы аяқтаймыз. Бұл құрылыс мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылып жатыр. Жолды 20 жыл пайдаланған соң ғана  үкімет құрылысқа жұмсалған қаржыны қайтарып береді.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кезеңіне өтініш қабылдау басталды ШҚО-да биыл 3500-ге жуық адамды кене шаққан »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы