365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісулықтар табиғи газды пайдаланатын күн алыс емес

  • 111
  • UPD: 13:46, 07.09.2018
Жетісулықтар табиғи газды пайдаланатын күн алыс емес

Алматы облысындағы Текелі қаласы мен Ескелді ауданының тұрғындары осы айдың соңында табиғи газға қосылады.

Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Талдықорған-Текелі арасындағы газ құбырын салу ісі өткен айда аяқталған болатын. Қазір қалаішілік және ауыларалық желілер тартылып жатыр. Мамандардың айтуынша, құбырдың жалпы ұзындығы 300 шақырым. Мұндағы жұмыстарға 20 техника мен 50 адам жұмылдырылған. Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кенті мен Текелі қаласын газдандыру 2021 жылы толығымен жүзеге асырылады. Оған дейін іргелес ауылдардың аралықтарына газ құбырлары тартыла береді.

Ерғали Қайырбаев, мердігер мекеменің учаске басшысы:

- Инвестициялық жоба енді 3-4 жылдай болады деп ойлап отырмыз. Енді бірақ тек кесте бойынша. Бар күшімізді салып отырмыз. Құдай бұйыртса, кесте бойынша бітіреміз.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында тарифтер қымбаттамайды СҚО-да жол жөндеуге бөлінген қаржы жымқырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы