365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тбилисиге аттанған Air Astana ұшағы Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды

  • 192
  • UPD: 18:16, 08.09.2018
Тбилисиге аттанған Air Astana ұшағы Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды

Алматыдан Тбилисиге ұшып бара жатқан Air Astana ұшағы ауа райының қолайсыздығынан Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Ұшақ жерге қонған соң техникалық ақаулар анықталған, деп хабарлайды lada.kz. Бұл туралы Ақтаудағы халықаралық әуежайдың атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов айтты.

Рейс жолаушылары өзге ұшақты күтіп отыр.

- Қазіргі уақытта Алматыдан келетін инженерлерді күтіп отырмыз, олар ұшақтағы ақауларды жояды. Жөнделген соң ұшақ қайта Алматыға аттандырылады. Бұл рейстің жолаушыларын Тбилисиге Алматы-Ақтау рейсінің ұшағы жеткізеді, – деді Жолдасов. 

Осы категория бойынша: « Алматыда республикалық ата-аналар конференциясы өтті Қызылорда облысында күріштің тез пісетін түрлері өсірілуі мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы