367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген сессиясы өтіп жатыр

  • 183
  • UPD: 13:02, 12.09.2018

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген сессиясы өтуде.

Алқалы жиын барысында  Ұлттық ғылым академиясының Президенті сайланады.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

– Бес жылдықты қорытындылауға арналған алқалы жиын Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың есептік баяндамасымен басталды. Жиында әлемдегі және Қазақтандағы ғылыми жаңалықтар сарапталып, ғылым саласын дамытудың бесжылдық міндеттері бекітілмек. Қабырғасы 1946 жылы қаланған ғылым академиясы еліміздің табиғи ресурстарын зерттеуге және пайдалануға, экономиканың өркендеуіне ықпал етіп келеді. Президенттің индустрияландыру бағдарламасы аясында бірқатар ғылыми жоба өндіріске енгізілді.

Сондай-ақ бүгін кеңейтілген сессия барысында академиктер мен корреспондент-мүшелер Ұлттық ғылым академиясының президентін жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Айта кетейік, сайлауға бір ғана үміткер қатысуда. Ол – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынов. Республикалық баспасөзге лауазымды қызметке сайлау туралы конкурс жарияланғанымен, басқа үміткерлерден өтініш түспеген.

Отандық ғылымның қадамын тұсап тұрған – қаржыландыру мәселесі. Елімізде ІЖӨ нің 0-13 пайызы ғана ғылымға бөлінеді. Бұл көрсетікш Ресейде 2 пайыз болса, Еуроодақ елдерінде 4 пайызға жетеді. Дегенмен Елбасы ғылымды қаржыландыруға 2020 жылға дейін 2 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Демек бұл мәселенің шешімін табатын күн де алыс емес.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында 107 нысанның құрылысы жүріп жатыр Көкшетауда қаланың даму жоспарында кешеуілдеу бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы