364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жылу электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарына 3,5 млн теңге қажет

  • 233
  • UPD: 15:33, 13.09.2018

Қарағанды қаласының бірінші жəне үшінші жылу электр станциясын жөндеу жұмыстарына 3,5 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Биыл 16 қазандық пен 10 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр. Осылайша, жылыту маусымына қызу дайындық жүріп жатыр.

Үшінші жылу электр станциясы Қарағанды қаласын электр энергиясымен ал қыс айларында жылу және ыстық сумен қамтиды. Қазір мұнда ақауы бар қазандықтар мен турбиналар жөндеуден өткізілуде.

Айдын Бексұлтанов, энергетикалық компанияның атқарушы директоры:

Жылу электр станциясының жұмысын жақсарту үшін күл үйіндісі дамбасының үшінші секциясы кеңейтілмек. Бұл мекеме үшін аса маңызды жобалардың бірі болып отыр. Мұндағы күл үйіндісі 3 секциядан тұрады. Қазір бірінші жəне екінші секторлар жұмыс істеп тұр. Енді үшінші секцияны іске қосуға дайындап жатырмыз.

40 жыл үзіліссіз жұмыс істеп тұрған станцияға жылда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндағы жабдықтардың 45 пайызының тозығы жеткен. Биыл үшінші жылуэлектр орталығындағы 2 қазандық пен 1 турбина күрделі жөндеуден өткізіледі.

Владимир Литвинов, энергетика ардагері:

Электр станциясының дайындығы жақсы, жөндеу жұмыстарын уақытылы жасап жатыр. Қазандық және турбина цехтерінде жұмыс үзіліссіз жүріп жатқанын көріп отырмыз. Енді қыс айларында жылумен қамтылып, қыстан жақсы өтеді деген үміттеміз.

Бірінші жылу электр орталығы үшінші станцияға қарағанда тек жылу маусымында іске қосылады. Биыл энергетиктер бұл орталықтың негізгі жабдығы 8 қазандық пен 4 турбинаны толық жөндеуден өткізбек. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін екі станция тексерістен өткізіліп, жылу маусымына дайындығы туралы паспорт алады.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлу Игликов, Асет Асайынов

Осы категория бойынша: « Алматыда Әсет Шаяхметовке қатысты сот отырысы өтіп жатыр БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Кәріпбек Күйіковтің суреттер көрмесі ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы