365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Теннің өліміне қатысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр

  • 384
  • UPD: 16:07, 14.09.2018

Ай соңына дейін қылмыстық іс сотқа жолдануы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі ҚалмұхаНбет Қасымов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Еске салайық, осыдан бір жарым ай бұрын мәнерлеп сырғанау спортының шебері Алматыда қарақшылар қолынан қаза тапқан болатын. Қылмыстық іске қатысты 3 күдікті ұсталған еді. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Екі күдіктіге қатысты ұрлық, кісі өлімі және қарақшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ал үшіншісін мән-жайды біле тұра, полиция органдарына хабар бермегені үшін жауапқа тартып жатырмыз. Ай соңына дейін қылмыстық іс сотқа жолдануы мүмкін. 

Брифинг барысында сала басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарға кеңірек тоқталды. Әсіресе ұрлық-қарлық деректерін азайтуға басымдық берілген. Себебі кейбір өңірлерде оның үлесі 70 пайызға жетеді. Сондықтан қылмыстың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін құру қажет. Ол үшін құқық қорғау органдарымен орталық және жергілікті атқарушы мекемелер қоян-қолтық жұмыс істеуді талап етеді екен.

Осы категория бойынша: « Елімізде 26 мыңнан астам кәсіпкер алаяқтардан алданған Ағайынды кәсіпкерлер туған ауылына акушерлік пункт салып берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы