365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. Қала ішіндегі игерілмеген жерлер кері қайтарылады

  • 178
  • UPD: 22:07, 05.10.2018

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауы кезінде жер телімдерін көптеп иемденіп алған шенділерді де сынға алды.

Президенттің айтуынша, қаланың қақ ортасындағы аумақты алып, бос орынға құрылыс салмайтын қалталылар көп. Жерді не өзі пайдаланбайды, не өзгенің меншігіне бермейді. Елбасы мұндай бассыздықты дереу тоқтату керектігін айтты. Өйткені ірі шаһарларда әлгіндей пысықайлардың кесірінен аурухана, мектеп пен бөбекжай сынды әлеуметтік нысанды салу мүмкін болмай тұр. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені жедел шешуді бас прокурорға тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мне говорят: «Дайте внутри городов земли, пусть они построят». А нет внутри городов земли. Это отдельный вопрос - позахватывали имеющие власть люди и сидят как собака на сене: «Себе не освоил и другим не отдам». Я уже поручал прокуратуре разобраться, если он не осваивал по направлению, вернуть эти земли государству, чтобы другие могли сделать.

Хабар 24 телеарнасы