360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «7-20-25» бойынша екі мыңға жуық өтініш мақұлданды

  • 155
  • UPD: 14:22, 07.10.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында тұрғын үйлердің барынша қолжетімді әрі сапалы болуын талап етті.

Енді, әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен бастапқы жарнаның жартысын субсидиялауды қолға алмақ. Осылайша, білікті ұстаздар, тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері және басқа да сала өкілдерінің баспаналы болуына мүмкіндік артады.

Қостанай қаласының тумасы Данияр Құтыбаевтың Астанаға көшіп келгеніне 10 жыл болды. Елордада баспаналы болуды армандап жүрген жас маман үшін 7-20-25 бағдарламасының шығуы қуанышты жайт. Бүгінде ол 35 шаршы метрлі пәтерді 9 млн теңгеге сатып алды.

Данияр Құтыбаев, қала тұрғыны:

- Бастапқы жарна ретінде 1 млн 800 мың теңге төледім. Құрылыс компаниясынан барлық құжаттар банкке жолданды. Банк жұмысында ешбір қиындық болмады. Жалпы өте ыңғайлы бағдарлама. Тек, бастапқы жарнаның мөлшерін 10 пайызға дейін төмендетсе, көпшілікке жеңілдеу болар еді деп ойлаймын. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алуға ниетті азамат алдымен өзі қалаған тұрғын үйді таңдап, банкке жүгінеді. Өз кезегінде банк қызметкерлері құжаттарды егжей-тегжейлі тексеріп, одан кейін ғана несие беру туралы шешім қабылдайды. Тараптар арасында келісімшарт жасалса, құрылыс компаниясына бастапқы жарна төленеді. Жалпы, 3 ай ішінде бағдарлама бойынша 2 мың өтініш мақұлданған. Бірер күн бұрын Қазақстан халқына арнаған  жолдауында  елбасы бұл көрсеткіштің төмендігін сынға алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Говорят, вот сказал президент. А где? Где? Сколько сейчас заявок есть. Кто знает?

Акишев: - 2000 одобрено.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Только 2000 одобрено. Что, нет желающих или условия такие? Что банки не могут найти? Вот давай разберемся. Объявлена программа, не работает. Ну что банкам нужно?

Акишев: - Два месяца всего прошло.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сколько стоит квартира?

Мамин: - 50 квадратных метров стоит порядка 7 миллионов.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Семь миллионов. 20% от 7 миллионов – 1,4 млн может же заплатить человек? А? и на 25 лет. Не работаем. Правительство не работает, Бакытжан. Акимы не работают. Ко всем акимам обращаюсь, что вам еще надо, скажите, чтобы людям сделать хорошо? Что надо? Все дали!

Елбасы  үкімет мүшелеріне арқаны кеңге салуға болмайтындығын ескертіп, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

БЛИЦ:

- Бағдарламаларды шын айтсам білмеймін. Біз пәтер алу туралы әлі іздестірмедік. Бірақ пәтер алу үшін ипотеканың түрлері бар әртүрлі. «Нұрлы жол» дейді.

- Ну это выгодно. Шаг в сторону насаления. Облегчает жизнь.

- Бір жағынан тиімсіз. Өйткені 25 жыл адам қалай төлейді еще төлейтін суммасы көп.

- Очень удобно как раз платить за свое жилье, чем за аренду.

Статистикалық деректер бойынша, өтініштердің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларына тиесілі. Бұл алып шаһарлардағы құрылыс жұмыстары да қарқынды дамуда. Президент атап өткендей, «7-20-25» бағдарламасы 250 мыңнан астам отбасыға баспаналы болуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы