365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау ауыл жастарын жігерлендіреді

  • 148
  • UPD: 18:58, 08.10.2018

Жолдауда айтылған тың бастамалар әсіресе ауыл жастарын жігерлендіре түсетіні сөзсіз.

Бұл Түркістан облысындағы қоғамдық бірлестік төрайымы Сәбира Байзахованың пікірі. Оның айтуынша, бұған дейінгі Елбасының қай жолдауын алсақ та жастарға қатысты жобалар мен бастамаларға ерекше көңіл бөлініп келген. Олардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы жиі айтылып келді. 

Сәбира Байзахова, қоғамдық бірлестік төрайымы:

- Бәсекеге қабілетті ұлт дегеннің ішінде мемлекеттік қызметсіз, жалдамалы айлықсыз жастардың өзіне табыс табуға, кәсіп жасауға өзіндік әрекет етуге жұмыс жасауға үндейді. Соның ішінде электронды үкімет, мемлекеттік сатып алулар, жастар жобаларын жүзеге асыруға белсенді жастардың қатары көбейсе деймін. Жолдау арқылы жастардың жағдайы біршама жақсарады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы