366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ата-аналар комитеті жұмысына тыйым салынуы мүмкін

  • 177
Ата-аналар комитеті жұмысына тыйым салынуы мүмкін

Елорда мектептерінде ата-аналар комитетінің жұмысына тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар24».

«Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тиісті ұсынысты Білім және ғылым министрлігіне жолдады. Жоба жетекшісі Жазира Жылқышиеваның айтуынша, комитет қызметі тұрмыстық жемқорлыққа себеп болып отырған көрінеді. Сондай-ақ ол 4 ай бойы білім саласы бойынша жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жариялады. Оған сай, аталған салада бірқатар заң бұзу дерегі анықталып, 10 мектеп директорына қатаң ескерту жасалған. Арнайы жиында білім беру мекемелерінің бюджеті де сөз болды. Жобалық кеңсе жетекшісінің айтуынша, ата-аналар болашақта мектеп қаражатын жоспарлауға тікелей араласуы тиіс. Бұл ұсыныс та жауапты министрлікке жолданған құжатта қамтылған.

Жазира Жылқышиева, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

– Нақты анықталған жағдайда қылмыстық іс қозғалады. Ешбір ата-ана нақты мектепті айтпайды. Сондықтан біз алдын алу шараларын 22 маусымнан бастап кеттік.

Хабар 24 телеарнасы