384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Серік Аманғалиевті тұтқындау сәтінен бейнеролик жарияланды

  • 501
  • UPD: 22:16, 07.11.2018

Еліміздің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиевті тұтқындау сәтінің бейне көрінісін жариялады.

Естеріңізде болса ол үшінші қараша күні Ақтау әуежайында ұсталып, екі айға қамауға алынды. Әкім орынбасарына жергілікті құрылыс компаниясының өкілінен аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Тінту кезінде одан 115 мың еуро көлемінде ақша табылды.

Хабар 24 телеарнасы