385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында көгілдір отынсыз қалған елді мекендерге газ берілді

  • 446
  • UPD: 23:22, 09.11.2018
Атырау облысында көгілдір отынсыз қалған елді мекендерге газ берілді

Атырау облысының Құрманғазы ауданында газ құбыры жарылып, 4 елді мекен көгілдір отынсыз қалған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып, құбыр қайтадан іске қосылды. Апат жер қазу жұмыстары кезінде абайсыздықтан орын алған. Бұл құбыр желісі арқылы Мақат ауданынан Кавказға, одан ары Еуропаға газ тасымалданады. Абырой болғанда, тек ішкі құбырлар желісі ғана зақымданған, ал жоғары қысымда газ айдайтын халықаралық магистральды құбыр жұмысы тоқтаған жоқ. Оқиға кеше кешкісін болған. Соның салдарынан 1200-ден астам үй және әлеуметтік нысан көгілдір отынсыз қалған болатын.

Рүстем Насибуллаев, Құрманғазы аудандық газ шаруашылығы мекемесінің директоры:

- Таңғы сағат 5-тен бастап жөндеу жұмыстарына кірістік. Қазіргі таңда Қызылоба, Шортанбай, Дыңқызыл және Көптоғай ауылдарына газ берілді. Жағдай бірқалыпты. Су құбырын жүргізіп жатқан мекеме келтірілген залалды толықтай өтеп беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы