388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 16 жастағы қыздарға түсік жасатуға рұқсат берілуі мүмкін

  • 1006
  • UPD: 17:28, 26.11.2018

Тиісті заң жобасын еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің басшысы Айжан Есмағамбетова осылай деді. Оның сөзінше, бұл ұсыныс қабылданар болса, онда 16 жастағы жүкті қыздар ата-аналарының рұқсатынсыз түсік жасата алады деп отыр. Мұндай тәжірибе іргелес Ресей елінде бар екен. Бірақ министрліктің бұл ұсынысы қазірдің өзінде әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Қоғам белсенділері мұндай қадамға бару жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің көбейіп кетуіне түрткі болады деп шамдануда. Ал министрлік өкілдері өзге пікірде.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің басшысы:

- Жеткіншектер дәрігерлерге қаралған кезде ата-аналардың үнемі жанында болуы міндет емес. Біз әлемдік тәжірибені зерттеп көрдік. Мәселен, Ресей елінде 15 жастағы жүкті қыздарға ересектердің рұқсатынсыз түсік жасатуына рұқсат берілген. Егер аяғы ауыр болып қалған қыздарға таңдау еркіндігі берілсе, олардың өз тағдырын таңдауына мүмкіндігі болар еді.   

Хабар 24 телеарнасы