388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша банктер 3200 өтінішті мақұлдаған

  • 511
  • UPD: 15:13, 02.12.2018

Келесі жылы Алматыда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша ең көп пәтер Алатау және Медеу аудандарында беріледі, деп хабарлады «Хабар 24».

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымының сыртқы байланыстар қызметі жетекшісінің орынбасары Айбар Олжаев хабарлады. Сонымен қатар бағдарлама талаптарына сай келетін пәтерлер ішінара қаланың орталықтарындағы тұрғын үй кешендерінде де бар. Статистикаға жүгінсек, аталған бағдарлама бойынша банктер осы уақытқа дейін құны 39 миллиард теңге болатын 3200 өтінішті мақұлдаған.

Айта кететін жайт, несиені беру немесе бермеу туралы шешім қабылдау банктің еншісінде. Сондықтан қолжетімді пәтер алғысы келетін азаматтар өздерінің «несие тарихын бүлдірмегендері» абзал. «Баспана» ипотекалық ұйымының өкілдері «7-20-25» бағдарламасының жылжымайтын мүлік нарығына ықпалы туралы да айтып берді.

Айбар Олжаев, «Баспана» ИҰ сыртқы байланыстар қызметі жетекшісінің орынбасары:    

- Бағаға біз тікелей әсер ете алмаймыз. Бірақ бағдарламаның өзі шектеу қойған. Құрылыс салушы біледі. Ол Алматы қаласы, Астана қаласы бойынша 25 миллион теңгеден асып кете алмайды. Басқа өңірлерде 15 миллион теңгеден асып кете алмайды. Асып кетсе, бағдарлама бойынша сата алмай қалады. Сондықтан оларда қатты бір өсім болады деген болжам жоқ. Бірақ оның ішінде 3-5 проценттік ауытқулар болуы мүмкін. Ол маусымға байланысты.

Хабар 24 телеарнасы