385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да көліктер жұқа мұздың үстімен өтуге мәжбүр

  • 427
  • UPD: 22:22, 10.12.2018

Шығыс Қазақстанда көліктегі жұрт көк мұздың үстімен жүруге мәжбүр. Өйткені Бұқтырма су қоймасы арқылы Күршім ауданына қатынайтын екі паромның бірі бұзылып қалған.

Жалғыз су көлігі қос жағаға жеткенше біршама уақыт кетеді, оның үстіне жиналған көліктерді бір демде алып өте алмайды.Жолаушылардың тең жартысы кеме айналып келгенше жағада 4-5 сағаттап сарыла күтеді. Бұған төзімі жетпегендер көлікпен мұз үстімен өтіп жатыр. Жұртшылық көпір салынғаны қалайды. Өйткені жол азабы былай тұрсын, өмірімізге қауіп деп қынжылып отыр. 

Сейітәшім Рахимов Күршім ауданының тұрғыны:

- Жандарын шүберекке түйіп мұз үстінен өтіп жатыр, көріп тұрсыздар,енді бұл мұз талай адамды көктемде,күзде жалмап жатыр,соған қарамастан адамдар жандарын шүберекке түйіп өтіп жатыр.

Анатолий Рожков Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

- Рұқсат етілмеген, ешқандай жабдықталмаған өткелмен көліктер өте бастаған.Бұл өте қауіпті. Өйткені мұз қабаты әлі тым жұқа. Жолаушылар өз өмірін тәуекелге байлап жатыр.Себебі қысқы су қоймаларда мерт болып жатқандар әліден тіркелуде. Өткенде ғана 1 балықшы көз жұмды,тағы 4 адамды құтқарып қалдық.

Хабар 24 телеарнасы