386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 200-ден астам отбасы баспаналы болды

  • 409
  • UPD: 19:45, 16.12.2018

Тәуелсіздік күні мерекесін Қостанай облысындағы 200-ден астам отбасы жаңа баспанада қарсы алды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп қабатты пәтерлермен қоса жеке тұрғын үйлердің кілттері де табысталды. Тұтастай алғанда биыл Тобыл өңірінде 3 мыңға жуық жанұя қоныс тойын тойлайды.  

Тәуелсіздік мейрамында Әбеновтер отбасы үлкен бақытқа кенелді. Ерлі-зайыптылар ұлық мерекені жаңа, әрі жайлы баспанада тойлайды. «Әуежай» шағын ауданындағы пәтердің құны оларға 8 миллион теңгеге бұйырды.     

Гүлжан Әбенова, қоныс тойын тойлаушы:

- Тәуелсіздік күні пәтерге ие болып отырмыз. Өте қуаныштымыз отбасымызбен. Көп жылдар бойы пәтер жалдап тұрдық. Үйлеріміз 55 шаршы метр. Екі бөлмелі үй. Бәрі жақсы.

Ал Заречный ауылындағы «Северный» ықшам ауданында 65 жеке тұрғын үй тапсырылды. Коттеджді үлгідегі меншікті баспаналардың аумағы кемінде 100 шаршы метр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекет тұрғындарға тиесілі 10 сотық жерді беріп қоймай, сол жер телімінде үй салуға да көмектесті.  

Қуаныш Ускин, қоныс тойын тойлаушы:

- Адамдарға айтатыным, бұл бағдарламадан қорықпасын алсын. Ақша жинаса, жұмыс істеген адамдарға оны алуға мүмкіндіктері бар. 

Қазір бұл жерде 300-ге жуық коттедж салынған. Қалашықта әлеуметтік нысандардың құрылысы да жанданып келеді. Жақында жаңа мектеп халық игілігіне берілді. Енді балабақша, спорт кешені және сауда нысандары бой көтеруі тиіс.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Көшелерді асфальттауға, абаттандыруға, көркейтуге 1 миллиард 900 миллион теңге бөлінді. 593 миллион теңге электр қуаты, газ бен суды тартуға бөлініп отыр. Одан басқа 385 миллион теңге кәріз құбырларына қарастырылды.  

Келесі жылы да облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқыны тоқтамайды. Жаңадан құрылған «Береке», «Қонай», «Юбилейный» шағын аудандарында 4 мыңнан артық пәтер өз қожайындарын табады.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы