388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда сотталып шыққандар грант алды

  • 630
  • UPD: 15:20, 17.12.2018
Талдықорғанда сотталып шыққандар грант алды

Талдықорғанда бұрын сотты болған екі азамат өз істерін бастауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде грант берілді. Кәсіпкерлікке кіріскендер бұл қаражатқа қажетті жабдықтар сатып салған. Енді олардың біреуі дөңгелек жөндеу шеберханасын қолға алса, екіншісі ұстахана ашпақ ниетте. Бұл жобалар бас бостандығынан айыру орнынан шыққан және босатылған адамдарға арналған семинар-тренингтің қорытындысында ұтымды деп танылған болатын.

Айта кетейік, облыстық жұмыспен қамту орталығына бұрын сотты болған 323 адам көмек сұрап келген екен. Олардың 9-ы жұмысқа орналасқан.

Светлана Садуақасова, Аймақтық жұмыспен қамту қоғамдық қорының директоры:

- Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар Талдықорған қаласына келе алмайды. Сондықтан біз облыстың басқа аудандарына да барып, көшпелі семинар-тренингтер өткізбекпіз. Ойымыз орындалатын болса, ондай дәрістерді алдағы жылы қолға аламыз деген ниетіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы