386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаты қызметтік пәтер беру талаптарын қатайтуды ұсынды

  • 744
  • UPD: 23:33, 19.12.2018

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету жайын да талқылады.

«Ақжол» фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекованың айтуынша, кей шенеуніктер арасында салық төлеушілердің ақшасына қызметтік баспана сатып алу фактілері жиілеп кеткен. «Әкімдіктерді айтпағанда жергілікті жерлерде кішігірім бастықтар неше түрлі қымбат көлік тақымдаған», -дейді ол. Кейінгі уақытта қызметкерлердің мемлекет қаржысына зәулім сарайлар алғаны туралы деректер де анықталып жатыр және ол қоғамға белгілісі ғана. Ал жасырын жатқаны өте көп болуы мүмкін екенін жеткізді. Осыған орай депутат үкімет басшысынан мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарда тексеріс жүргізуді сұрады.

Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қарапайым азамат ипотекасын уақытында төлеу үшін күн-түн демей еңбектеніп, өзін көп нәрседен шектейді. Ал билік өкілдерінің ысырапшылдық пен астамшылыққа жол беріп шалқып өмір сүруінің сынға ілігуі орынды. Оның үстіне қызметтік баспана ретінде алынған сол үйлердің көбін басшылардың өзі жекешелендіріп алып жатады. Сондықтан бұл баға параметрлерімен жүйеленуі керек. Заң мен этика талаптары сақталмаған фактілер анықталса, кінәлілерді жазаға тарту қажет. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз етудің қатаң критерийлерін бекіту маңызды.

Хабар 24 телеарнасы