387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атбасардағы ауданаралық жұқпалы аурулар бөлімшесі қайта ашылды

  • 734
  • UPD: 14:27, 28.12.2018
Атбасардағы ауданаралық жұқпалы аурулар бөлімшесі қайта ашылды

Ақмола облысының Атбасар ауданындағы жұқпалы аурулар бөлімшесі күрделі жөндеу жұмыстарынан соң қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

35 орындық аурухана небәрі 4 айдың ішінде толықтай қалпына келтірілген. Оны жөндеуге облыстық бюджеттен 86 млн теңге қаржы бөлініпті. Мұнда енді 24 медициналық қызметкер жұмыс істейтін болады. «Жарты ғасырдан астам күрделі жөндеу көрмеген ғимараттың бұрынғы кейпі кісі шошытатын», - дейді, дәрігерлер. Аурухана тек Атбасар ауданына ғана емес, көрші Жақсы және Сандықтау аудандарының тұрғындарына да бас-аяғы 75 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Азамат Әбдірахманов, ауданаралық көпсалалы аурухананың бас дәрігері:

- Бұрынғы аурухана мен қазіргіні мүлдем салыстыруға келмейді. Арасы жер мен көктей. Мұнда бәрі жаңа. Ескі кезінде мәселен, бұл жерде желдеткіш жүйелері атымен болған жоқ. Ал ол жұқпалы аурулар бөлімшесіне өте қажет. Сол үшін жыл сайын эпидемиологтар бізге айыппұл салатын. Енді міне, бәрі қалпына келтірілді, жаңартылды.

Хабар 24 телеарнасы