418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері кинотеатрдан мультфильм көрді

  • 1315
  • UPD: 23:29, 11.01.2019
Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері кинотеатрдан мультфильм көрді

Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері үлкендердің қамқорлығына бөленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық іскер әйелдер қауымдастығы балаларға «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл жолы олар кинотеатрдан мультфильм көріп, қызыққа кенелді. Мейірімділікке бастайтын ізгі жоба Тұңғыш Президент қоры мен іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастырумен қолға алынып отыр. Үлкен экраннан балаларға арналған мультфильмді тамашалған балғындардың қуанышында шек жоқ. Тіпті көрген туындыларына қосылып, кейіпкердің мінез-құлқын қайталап отырғандар да болды. «Бұл шара еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табады», - дейді ұйымдастырушылар.

Эльмира Созақбаева, қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

- Әрбір қазақстандық осы бір акцияны қолдаса екен деймін. Себебі бүгін кинотеатрға келген балалардың келбетінен көп нәрсені аңғардым. Оларға қуаныш, жүздеріне күлкі сыйлау бәріміздің қолымызда.Қайырымдылық жақсылыққа жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы