427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұрлы жер»: Жамбыл облысында 27 тұрғын үй пайдалануға беріледі

  • 2881
  • UPD: 23:19, 17.01.2019

Биыл Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 27 тұрғын үй тапсырылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2000-ға жуық тұрғынды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Қазір Тараз қаласындағы 555 пәтер «7-20-25» бағдарламасы аясында азаматтарға ұсынылып отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, екінші деңгейлі банктерге 90 адам өтініш білдіріп, оның 51-іне несие рәсімделген. Өңірде баспананың көптеп салынуына мемлекеттік  бағдарламалардың қосып отырған үлесі қомақты. Мәселен, былтырдың өзінде тұрғын үй құрылысына 7 миллиард теңге қаржы жұмсалып, 440 мың шаршы метр үй бой көтерген. 

Жайықбай Шалдаров, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Биылғы жылы облысымызда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 27 тұрғын үй тапсырылуы жоспарланып отыр.Оның 21-і несиелік үй болса, алтауы арендалық тұрғын үйлер. Нәтижесінде 108339 шаршы метр құрайтын 1970 пәтер тапсырылуы жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы