389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық мұғалімдер ағылшын тілін тегін үйренеді

  • 1440
  • UPD: 15:25, 19.01.2019
Маңғыстаулық мұғалімдер ағылшын тілін тегін үйренеді

Арнайы жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі, британдық білім беру орталығы мен демеушілер арасында үш жақты келісім жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ағылшын тілі пәні мен математика, физика, биология сынды жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілін меңгеруді алдағы ақпан айынан бастап кетпек. Оқу курсы 2 жыл. Жоба аясында оқытудың жаңа әдістемелері бойынша тренингтер өткізіледі. Сонымен қатар шет тілін жаттықтыру мақсатында тіл клубтары ұйымдастырылады. Алдымен Ақтау қаласы мен Бейнеу, Түпқараған және Қарақия аудандарының ұстаздары оқытылмақ. +снх

Гүлзада Еңсегенова, Ақтау қаласындағы №21 мектептің директоры:

- Қазіргі заманның талабы – үштілділік білім беру. Бұл жастарымызды дамытуға үлкен мүмкіндік болады деп есептейміз. Үш тілде жаратылыстану бойынша бірнеше мұғаліміміз курстан өтіп келіп, қазір шәкірттерімізге білім беріп жатыр. Осы жобаның арқасында бұл мұғалімдеріміздің саны әрі қарай көбейеді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы