419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайырымдылық керуені» байқауы жалғасуда

  • 2831
  • UPD: 23:43, 22.01.2019

«Қайырымдылық керуені» атауымен Тұңғыш Президент қоры, іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» Агенттігі республикалық байқау ұйымдастырып отыр.

Ондағы мақсат – ізгі жандардың игілікті істерін насихаттау. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін қосып, мұқтаж адамдарға көмек көрсеткен жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Олар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында» «Қайырымдылық тарихы» атты бес номинация бойынша сынға түседі. Соңғысы журналистерге, шығармашылық ұжымдарға арналған. Байқау қорытындысы ақпан айының соңында, Алғыс айту күні қарсаңында жарияланады.

Балбөпе Ертаева, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры:

– Бізде жұмыс тобы құрылған. Сол жұмыс тобы сараптама жасайды. Сараптама жасап, республика бойынша бір номинациядан бір адамды ғана жібереміз. Әр номинациядан бір адам ғана жүлде алады.

Хабар 24 телеарнасы