388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жастар жетім балаларға тосынсый жасады

  • 825
  • UPD: 19:37, 26.01.2019
Елордалық жастар жетім балаларға тосынсый жасады

Астананың белсенді жастары балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады.

Олар ата-ана қарауынсыз қалғандарға арнап, жаппай сырғанау ұйымдастырған. Жеткіншектер тегін коньки теуіп, шанамен сырғанады. Шараның өтуіне «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мен қала әкімдігіне қарасты «Астана жастары» ұйымы мұрындық болды. Олар «жеткіншектер коньки тебумен ғана шектелмейді» деп отыр. Ертең балалар үйінің тәрбиеленушілері кинотеатрларға барып, тегін фильмдерді тамашалай алады.

Дәулет Кәрібек, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:

- Партияның жастары, жасотандықтар балалар үйінінің тәрбиеленушілерін мұзға сырғанауға, киноға апаруға не болмаса басқа да көптеген игі іс-шаралармен олардың демалыс күндерін солай ұйымдастырып жатқан жайымыз бар. Неге десеңіздер, бізге жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды, мейірімділік пен қайырымдылыққа балаларды үйрету керек болды. Бұл да бір «Рухани жаңғырудың» көрінісі деп білеміз. 

Хабар 24 телеарнасы