384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық еріктілер 200-ге тарта қайырымдылық іс-шарасын өткізді

  • 495
  • UPD: 07:45, 28.01.2019
Жамбылдық еріктілер 200-ге тарта қайырымдылық іс-шарасын өткізді

Жамбыл облысында студенттерден құрылған «Темірқазық» еріктілер ұйымы екі жылда 200-ге тарта қайырымдылық шарасын ұйымдастырған.

Олар жалғызбасты қариялардың ауласын жинастырып, үй тірлігіне қолғабыс етеді. Солардың бірі – Нұрсұлтан Тоқтағанов информатика-математика мамандығы бойынша білім алып жүр. «Елбасының еріктілер қатарындағы жастарды қолдауы біз үшін үлкен демеу болды», – дейді тараздық студент.

Нұрсұлтан Тоқтағанов, ерікті:

- Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы біздің волонтерларға қолдау көрсету туралы айтып кетті. Бұл бізге тағы бір қосымша мотивация десек болады, яғни ол ары қарай біздің жұмыс істеуімізге ықпал береді.

Хабар 24 телеарнасы