425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады

  • 1484
  • UPD: 12:21, 28.01.2019
Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады Informburo.kz

Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылады.

Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесін жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл азаматтардың дер уақытында салық төлейтіні туралы кепілдік бермейді», – деді ведомство басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында. Әлихан Смайылов шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде (әуежайда) төлеу мүмкіндігі пайда болғанын айтты.

«Төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электронды шлюз арқылы банктермен тікелей жұмыс істейміз. Бұл төлемінің жасалғаны туралы мәліметті бір, екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті, шекарадан асу кезінде мұндай мәселелер туындамайды», – деді министр депутаттарға.

Хабар 24 телеарнасы