384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық оқушылар танымал кітаптардың пішінімен торт пісіріп жарысты

  • 678
Ақтаулық оқушылар танымал кітаптардың пішінімен торт пісіріп жарысты

Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өздері оқыған кітап желісі бойынша торт пісіріп жарысты.

Аймақта алғаш рет ұйымдастырылған «Тәтті кітап» шарасына 35 оқушы мен олардың ата-аналары қатысты. Олар тәттілерін Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Александр Бектің «Воло-коламское шоссе», Чарлс Диккенстің «Oliver Twist» сынды танымал кітаптардың мұқабасына сәйкестендіріп безендірді. Сондай-ақ көпшілік алдында үш тілде өздері дайындаған тортқа жарнама жасады. Нәтижесінде, Эрнест Хэмингуейдің «Шал мен теңіз» повесі желісінде пісірілген 11-сынып оқушысы Әлібек Жанаевтың тәттісі бас жүлдені жеңіп алды.

Ақгүл Сарманова, мектептегі «100 кітап» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі:

– Бұл жобаның мақсаты – қазақ, орыс, әлем әдебиетіндегі классиктердің аса құнды еңбектерімен оқушыларды таныстыру. Әр сыныптан бір ата-ана, екі оқушы өздеріне берілген үш кітапты оқып, талдап, сол кітап желісі бойынша тортты безендіру болды.

Хабар 24 телеарнасы