424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімі қаза тапқан балалардың ата-аналарына көңіл айтты

  • 1448
  • UPD: 18:16, 04.02.2019
Астана әкімі қаза тапқан балалардың ата-аналарына көңіл айтты

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек және Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев қайғылы оқиға орнына барды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде «Көктал-1» тұрғын алабындағы өртте бес баланың қайғылы қаза болуына байланысты шұғыл кеңес өтті. Жиыннан соң Бақыт Сұлтанов «Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбекпен бірге оқиға орнына барып, отбасына көңіл айтты.

«Олар көптен бері осында тұрады. Бұрын қалада тұрған, бірақ пәтер жалдау қымбат болғандықтан осында көшіп келді. Ата-аналары жұмыс істеп, барлығы жақсы болды. Әйелі әрдайым кешке үйде болды», - дейді көршілерінің бірі.

Қала басшысы аудан әкіміне қажетті барлық материалдық, медициналық көмек көрсетуді және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы