418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде қоғамдық көліктер жаңарды

  • 853
  • UPD: 22:07, 07.02.2019
Семейде қоғамдық көліктер жаңарды

Семейде жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар техникаларын жаңартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі жергілікті зауытта құрастырылған автобустармен толықты. Барлығы 50 көлік сатып алынған. Оның 28-і қазір қала көшелерінде халыққа қызмет көрсетіп жүр. Жыл соңына дейін құны 11 миллион теңге тұратын осындай автобустардың тағы 30-ын сатып алу көзделген.

Владимир Халин, кәсіпорын директорының м. а.:

- Жаңа көліктердің біразы бірнеше бағыт бойынша қазір қала тұрғындарына қызмет етіп жатыр. Бұл автобустардың ерекшелігі, жолаушыларға мейлінше жайлы әрі жылы болуы үшін жағдайлар жасалған. Тіпті отандық өндірушілер пештің қызуын көбейтіп, жылуды сақтап тұруға күштерін салды.

Хабар 24 телеарнасы