387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дарxан Кәлетаев: Еліміздегі қоғамдық кеңестер ақсақалдар жиналысы сияқты

  • 1124
  • UPD: 15:22, 08.02.2019
Дарxан Кәлетаев: Еліміздегі қоғамдық кеңестер ақсақалдар жиналысы сияқты

«Қазіргі кезде еліміздегі қоғамдық кеңестер ақсақалдар жиналысы сияқты. Себебі 60 жастан асқандардың үлесі 30 пайыздан артып жығылады».

Қоғамдық кеңестердің екінші республикалық мәжілісі барысында Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев осылай деді. Айтуынша, бүгінде қоғамдық кеңестердің құрамында гендерлік тепе-теңдік мүлде сақталмаған. Бұл бағытта қызмет етіп жүрген ер азаматтардың саны айтарлықтай көп. Бұдан бөлек, жастардың үлесі бар болғаны 5 пайызды құрайды. Жалпы республика бойынша 229 қоғамдық кеңес бар. Былтыр олар 9 мыңға жуық нормативтік-құқықтық актілерді қараған. Алайда олардың 10 пайызына ғана түсініктеме жасалыпты. Министрдің пікірінше, әрбір мәселені қарастыруға бағытталған 10 күн аздық етеді.

Дәурен Бабамұрат, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

– ІІМ-не байланысты Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің тарапынан 20-ның үстінде ұсыным бердік. Бұл ашықтыққа байланысты. Екінші, халықпен кері байланысқа байланысты. Арызданушымен кері байланыс. Осыған қатысты біздің ұсыныстар болды. Қазір бұл ұсыныстардың барлығы қабылданып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы