386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы құрылады

  • 999
  • UPD: 23:29, 13.02.2019

Алматыда көпбалалы аналарды қолдау мақатында «Бақытты отбасы» орталығы құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын сервистік орталық арқылы олар жұмысқа орналаса алады.

Қала әкімі «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының  конференциясында жария еткен кешенді шаралар жүйелі жүзеге асса, талай көпбалалы отбасылар қоңданып қалар еді. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға берілетін атаулы көмекті ұлғайту және тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша шығынын өтеу бастамасы көпшіліктің қолдауын табары сөзсіз.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар «Нұр Отан» партиясының үнемі назарында. Мәселен, 2016 жылдан бастап фракция ұсынысымен балабақша төлемақысы 27 мыңнан 15 мың теңгеге төмендеді. Осы мақсатта жыл сайын 60 мың отбасының балаларын қамтитын бюджеттен 3 миллиардтан астам қаржы бөлінеді. 

Сондай-ақ қала әкімі 4 және одан көп баласы бар отбасылардың тұрғын үй алу үшін төленетін алғашқы жарнаның төлемін субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты. 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Тұрғындар үшін коммуналдық төлемдер түйткілді мәселелердің бірі болып саналады. Қалада көпбалалы отбасыларға көмек ретінде  төлемдерді қайта қарастырылып, жылу есептегіш құралдарды орнату шығыны қала қаражаты есебінен жүргізіліп келеді.   

Қала әкімі көпбалалы отбасыларды қолдаудың кешенді шаралары бойынша тиісті органдарға бір апта ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Авторы: Гүлжан Көланқызы

Хабар 24 телеарнасы