377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте тұрып жатқан этномәдени бірлестіктер Алғыс айту күнін тойлауда

  • 322
  • UPD: 11:56, 01.03.2019

Шымкент қаласында тұрып жатқан этномәдени бірлестіктер Алғыс айту күнін 1 апта бұрын бастап кеткен еді.

Қазақстанда тұратын түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қазақ халқына өз ілтипаттарын білдіріп, алғыстарын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктемнің алғашқы күнінде Шымкент халқы өте көңілді. Мереке күні өзге ұлт өкілдері қазақ халқына деген алғысын ән мен де, биімен де, ыстық ықыласымен де жеткізуде. Былайша айтқанда, алғыс айтудың апта бойы өткен шарасын ойдағыдай қорытындыланды деуге де болады. «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінің алдына жиналған түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері қиын-қыстау кезеңде пана болған қазақ еліне алғыстарын жаудырып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Айта өтейін, біздің өңірде 130-дан астам түрлі этнос өкілі бір шаңырақ астында тату тәтті күн кешіп жатыр. Олардың көбі - сол бір нәубәт заманда қазақ жеріне қоныс аударғандар. Солардың ішінде әзірбайжан ұлтының өкілі Гурбановтар әулеті де бар.

«Жалпы Алғыс айту мерекесі ең алдыменен елімізде тыныштық пен үндестікті орнатқан барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы», - дейді ассамблея мүшелері. Сондықтан да олар мереке қарсаңында яғни апталықтың «Ықылас күнінде» саяси депортация қасіретін бастан өткізген этнос өкілдерінің бүгінгі буыны, қиын қыстау жылдары пана болып, қолдау көрсеткен қазақ отбасыларына барып, олардың бүгінгі ұрпақтарына алғысын жаудырды. Зұлмат жылдары бауырына басып, айырықша қамқорлық танытқаны үшін риясыз ризашылықтарын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы