378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда Алғыс айту күнінде көрме ұйымдастырылды

  • 266
  • UPD: 16:28, 02.03.2019
Қарағандыда Алғыс айту күнінде көрме ұйымдастырылды

Қарағандыда Алғыс айту күнінде Қазақстанның бірнеше тарихи кезеңін қамтыған көлемді көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен бірге экспозицияны тамашалауға келгендер шеберлік сағаттары мен мерекелік шараның да куәсі болды.

Бүгін көктемнің алғашқы күнінде ұйымдастырылған көрменің өзіндік ерекшеліктері бар. Экспозицияны тамашалаушылар шағын театр немесе шеберлер ауылына келгендей күй кешеді. Өйткені мұнда киіз басып, сурет салуға да болады. Ал этномәдени бірлестіктер қала тұрғындарын концерттік бағдарламамен қуантып жатыр.

Мұнда қойылған экспозициялардың қатарында тарихи өлкетану мұражайының қоры мен саяси репрессияның құрбандары музейінен әкелінген жәдігерлер бар. Сонымен қатар келушілер Қазақстанға жер аударған ұлыстардың тарихын зерделеген зерттеушілердің ғылыми жұмыстарымен танысты.

Анастасия Бережнова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарды үйлестіру кеңесінің мүшесі:

- Қызығушылық танытқан жандар киіз басып, оның өзіндік қыр сырымен танысып жатыр. Осы орайда арнайы шеберлік сағаты да ұйымдастырылды. Басталып, аяқсыз қалған суретті жалғастыру шарасы да қала тұрғындарының көңілінен шықты. «Сарыарқа бірлік пен достықтың алтын ордасы» деп аталған картинаны этномәдени бірлестіктердің жас өкілдері бір атаның баласындай бірлесе салып шықты.

Бұл кенеп Қазақстан Халықтары балалар Ассамблеясы құрылған балабақшаға жолданды. Ал дәл қазір қарағандылықтар Ғалым Жайлыбаевтың поэмасы бойынша қойылған «Қара орамал» спектаклін тамашалауда.

Хабар 24 телеарнасы