378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде Алғыс айту күніне орай концерт ұйымдастырылды

  • 314
  • UPD: 15:25, 02.03.2019
Семейде Алғыс айту күніне орай концерт ұйымдастырылды

Семейде 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Шаһарда Алғыс айту күні бірнеше игі шара ұйымдастырылды. Қалалық мәдениет сарайында «Рахмет саған, туған жер!» деген тақырыппен концерт ұйымдастырылып, оған 40-тан астам үйірме мүшелері қатысты. Ал Достық үйінде этнобірлестік өкілдері өнерлерін ортаға салып, достық, туған жер, Отан туралы ән мен жырдан шашу шашты. Сан қилы тағдырмен Қазақстанға тұрақтаған әр ұлттың өкілдері қазақ елінің дархан көңілі мен осындағы бақытты өмір үшін алғыстарын жаудырды.

Назерке Аққожина, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Киелі қара шаңырақ – Достық үйінде 22 ұлттың мәдени орталығы бар. Бүгінгі шарада өз өнерлерін көрсетіп, жалпы қазақ халқына, қазақ ұлтына деген өздерінің ризашылықтарын, шын көңілден алғыстарын білдіріп жатыр. Келешек ұрпаққа үлкен өнегелі іс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы