375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда кәріз суын тазартатын қондырғы іске қосылады

  • 243
Атырауда кәріз суын тазартатын қондырғы іске қосылады

Атырау қаласында кәріз суын тазартатын қондырғы іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешенде бас кәріз стансасы алаңы, су тазарту қондырғысы, биологиялық тоған және булану алаңы бар. Тәулігіне 70 мың текше метр лас суды өңдей алатын қондырғыға Жайық өзенінің сол жағалауындағы 13 кәріздік сорғы қосылады. Сөйтіп қаланың сол жақ бөлігіндегі кәріз суларын тазарту проблемасы шешіледі. Қазір шығып жатқан кәріз суы орталық булану алаңына жеткенге дейін тазартудың толық сатысынан өтпейді. Бұл – онсыз да экологиялық ахуалы сын көтермейтін мұнайлы өңір үшін өткір проблема. Сол себепті жергілікті билік құрылысты осы жылы аяқтап, қондырғыны іске қоспақ.

Нұрлыбек Сақпаров, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

– «Тухлая балка» деп аталатын лас су төгетін полигон осы қондырғы іске қосылғаннан кейін кептіріліп, жаңаша тазарту мәселесі толығынан шешіледі. Қаланың оң жақ бөлігінде де тап осындай полигон құрылысының жобасы жасақталып, аяқталды. Келесі жылдан бастап осындай тазарту қондырғысыынң құрылысы басталады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы