378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында көлік тізгіндеген қыз-келіншектер сынға түсті

  • 250
  • UPD: 09:35, 08.03.2019
Павлодар облысында көлік тізгіндеген қыз-келіншектер сынға түсті

Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында темір тұлпар тізгіндеген қыз-келіншектер сынға түсті.

Автоледи байқауына  Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйытқы болған. Әуесқой көлік жүргізушілері шұғыл бұрылу, көлікті дұрыс қоюдан шеберліктерін көрсетті. Байқаудың басты талабына сай, жол жүру ережелерін білу маңызды. Автоледи байқауына қатысушылар жол-патрульдік инспекторлар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ оларға көлікті  мерекеге сай безендіру шарттары қойылған. Жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қызжібек Наурызбаева, байқауға қатысушы:

- Көп балалы отбасы ретінде мені шақырып отыр. Сондықтан өте қуаныштымын. Алты ұлдың анасымын. Алланың бергені. Ең алдымен тәжірибе болуы керек. Сосын таза жүру керек.

Хабар 24 телеарнасы