378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«7-20-25»: Пәтерлердің ай сайынғы төлемі қанша болады

  • 234
  • UPD: 15:15, 11.03.2019
«7-20-25»: Пәтерлердің ай сайынғы төлемі қанша болады Today.kz

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған пәтерлердің 3355-і биыл «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының арқасында 2019 жылы Шымкент қаласының 1282 тұрғыны баспаналы болмақ. Ақтөбе облысының әкімдігі де «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға 605 пәтер қарастырған. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан облысы 411, Батыс Қазақстан облысы 396, ал Маңғыстау облысының басшылығы 370 пәтер бөлген. Бұдан бөлек, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Павлодар өңірлері де «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға қолдау көрсеткен. Дегенмен, Астана мен Алматы қаласы және Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «7-20-25» бағдарламасымен сатуға бірде-бір пәтер қарастырмаған.

Енді бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің бағасына тоқталайық. Мәселен Астана, Алматы, Ақтау және Атырауда аумағы 37 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді 25 жылға несиеге алсаңыз, айына 37 300 теңгедей төлеп отыруға тиіс боласыз. Ал еліміздің өзге өңірлерінде баға сәл арзандау. Яғни аймақтарда аумағы дәл жоғарыда айтылғандай пәтерді алсаңыз ай сайынғы төлеміңіз 29400 теңгенің шамасында болмақ.

Хабар 24 телеарнасы