378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-дағы өзендерде мұз кесу жұмыстары жүріп жатыр

  • 141
  • UPD: 23:41, 12.03.2019
БҚО-дағы өзендерде мұз кесу жұмыстары жүріп жатыр

Батыс Қазақстан облысындағы барлық су қоймаларында мұз кесу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сірескен мұз еріген кезде сеңнің жүруіне ештеңе бөгет болмағаны дұрыс. «Әсіресе өзендердің айналма тұстарында мұз кептелісін болдырмауға күш салу қажет», – дейді мамандар. Өңірде осындай 30 шақты қауіпті орын анықталған. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің бірқатар тұстарында мұздың еруі байқалады. Мұз кесу жұмыстарына ТЖД қарасты 4 бірдей жасақ тартылған. Былтыр өңірге 3 мұз кесу қондырғысы сатып алынды. Бұл құралдар су басу қаупі жоғары тұстарда қолданылады.

Нұралы Мүсиев, облыстық ТЖД бас маманы: 

- Қазталов, Тасқала, Бәйтерек және Орал қаласында. Осы 4 елді мекенде. Себебі су басу қаупі бар өзендер осы аумақта орналасқан. Мұз жару жұмыстарына қаражат қарастырылған. Бірақ соңғы жылдары осы тек мұз кесу, шұңқыр бұрғылау жұмыстары қолданылады. Себебі экологиялық жағдайға өте тиімді, мұз жару жұмыстары жағдай өте күрделенген жағдайда қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы