389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Қызылжар ауданына қарасты 19 ауылда ауыз су жоқ

  • 704
  • UPD: 20:31, 13.03.2019

Қызылжар ауданында ауыз су мәселесі өткір тұр. Солтүстік Қазақстандағы бұл ауданда 72 ауыл болса, оның 19-ы таза ауыз суға жарымай отыр. 

Солардың бірі Трудовая Нива селосы. Қазір бұл елді мекенге тіршілік нәрі көлікпен тасымалданады. Ауыл тұрғындарын мазалаған мәселе қашан шешілер екен? 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Қазір біз Трудовая Нива елді мекенінде тұрмыз. Аталған ауыл облыс орталығынан, яғни Петропавл қаласынан небәрі 27 шақырымдай жерде ғана орналасқан. Қазір ауылда 30-ға тарта үй түтін түтетіп отыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ауылдағы тұрғындардың жағдайы тым ауыр. Жыл сайын көшіп кетушілердің қатары артып келеді. Өйткені әлеуметтік мәселелер тіптен қордаланып қалған. Ал, тұрғындарды алаңдатып отырған негізгі мәселе, ол таза ауыз су мәселесі. - Жалпы сіздерде қашаннан бері су жоқ?   

Күлсайра Әбуова, ауыл тұрғыны:

- Бізде міне 20 жылдан артық осында тұрамыз. Ауыз су жоқ. Мәселе сол біздікі. Қазір кімнің көлігі бар, солар тасып ішіп жатыр. Ащы су ішкен, ащы су ішіп жатыр. Кір жусақ, қарды ерітіп жуамыз. Су мәселесі өте қиын.  

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұрын ауылда орталықтандырылған су жүйесі болған. Ал қазір олардың барлығының тозығы жетіп, құбырлар жарамсыз күйге түскен. Сондықтан тұрғындарға су мынадай арнайы көлікпен жеткізіледі. Бір фляга судың бағасы шамамен 100 теңге. Бұл нарықтағы бағадан бес есе қымбат. 

Александра Пунько, ауыл тұрғыны:

- Үш балам бар. Бізге үш фляга су бір аптаға жетпейді. Әсіресе қыс мезгілінде қиын. Тағырыққа тірелгенде қардың суын қайнатамыз.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Аталған жергілікті билік өкілдері құлағдар. Ал мәселе қашан шешіледі екен? Оны жауапты мамандардан сұрап көрейік. 

Қайсар Амирин, Қызылжар аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Ауыз су бұл жерде ащы су болып есептеледі. Сондықтан тазарту қондырғысын орнату жоспарланып отырған сол себептен. Қазір соған анализдарын алып, қондырғының қандай сүзгіштер керектігін бәрін есептеп, қарастырып жатырмыз. Осы мақсатта аудан бюджетінен 7,5 миллион ақша бөлініп отыр. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Солтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту бағдарламасы аясында алдағы бірнеше жылда 30-дан астам елді мекенді таза ауыз сумен қамту жоспарланған. Бұл мақсатқа республика қазынасынан 8 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырып отыр. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы