378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жедел жәрдем қызметінің желісі кеңейді

  • 78
  • UPD: 17:34, 15.03.2019

Ертіс өңірінде халықаралық және республикалық маңыздағы жолдардың бойындағы жедел жәрдем қызметінің желісі кеңейіп келеді.

Бүгінде қаладан тыс тасжолдардың барлығы медициналық пункттермен қамтылды. Белгіленген жоспарға сәйкес, облыс аумағында алты жедел жәрдем бекеті ашылды. Әр бөлімшеде екі бригада жұмыс істейді. Мамандар халықаралық стандарттарға сай тәжірибе жинақтаған. Бүгінде қалалық және аудандық қызметтер орталықтандырылып, сандық жүйеге көшірілген. Сырқаттарға жету уақыты 15 минуттан 8 минутқа қысқарды. Әр пункттің керек-жарақтарына жыл сайын 20 млн теңге бөлініп тұрады.

Еске салсақ, Павлодар облысында «103» қызметін жетілдіру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, биылғы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Қанадан Ахметжанов, облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Қосымша медициналық пункттер заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Бөлімшелердің шекаралас аймақтарда орналасуына басымдық бердік. Осылайша жол бойындағы оқыс оқиғаларға жету уақыты барынша қысқарды. Бүгінде сырқатқа жету уақыты қалалық жердегі стандартпен теңестірілді.

Авторы: Ақмарал Есімхан

Хабар 24 телеарнасы