377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық кәсіпорын көп балалы отбасына пәтер сыйлады

  • 161
Қарағандылық кәсіпорын көп балалы отбасына пәтер сыйлады

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағандыдағы ірі құрылыс компаниясының бірі «Nur Otan» партиясымен бірлесіп, көп балалы отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасымовтар жанұясында 5 бала бар, оның бірі – мүгедек. Енді олар қала орталығында салынып жатқан ықшам ауданда 3 бөлмелі пәтерде тұратын болды. Бүгінгі күні отағасы Нұржан Қасымов құрылысшы болып еңбек етеді. Ұзақ жыл үй жалдап келген олар бұндай тосын сыйды күтпеген екен. Айта кету керек, қазір Қарағанды облысында 1200 көп балалы жанұя баспана кезегінде тұр. Солардың арасынан жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды таңдап, меценаттар көмек көрсетуді қолға алды. Жыл соңына дейін әлі бірнеше жанұя баспаналы болу бақытына ие болады.

Нұржан Қасымов, қала тұрғыны:

– Маған «Nur Otan» партиясынан хабарласты. Мен өзім құрылысшымын. Қарағандыны көркейтуге атсалысамын. Қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы