377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның даму тарихында Елбасының еңбегі ерен – Оралдықтар

  • 168
  • UPD: 12:02, 24.03.2019
Қазақстанның даму тарихында Елбасының еңбегі ерен – Оралдықтар

Тәуелсіз елдің даму тарихында елбасының еңбегі ерен. Нұрсұлтан Назарбаев қуатты мемлекет құрып, оны көшбасшы елдердің қатарына шығарудың ұзақ мерзімді жоспарын ұсынды.

Тәуелсіздіктің бастапқы 10 жылдығында еліміз небір қиындықтарды еңсерді. Соңғы жылдардағы оң үдерістер, рухани салаға деген бетбұрыс осынау қажырлы еңбектің жемісі дейді,- оралдықтар. 

Сәкен Әбілхалықов,   журналист, ҚР ақпарат саласының үздігі:

- Жаңадан тәуелсіздік құрғанда сөздің шыны керек кеңестік жүйе әлемдік нарықтық экономикаға сай болмады деп ойлаймын. Сол себепті біздің елбасымыз жаңа арнада халықаралық тәжірибеге сүйеніп Қазақстанның болашағына орай экономикасын жасақтады. Тоқсаныншы жылдардың аяғында жаңа экономикалық саясат деген болды бізде. Осы бағытта   қазақстанның индустриясын экономикасын әлімдік нарыққа бейімдеу бағытында ол кісі жұмыстанды. Сол бағытта қасына  белгілі, танымал экономистерді шоғырландыра білді.

Наталья Горохова, қала тұрғыны: 

- Ұлт көшбасшысының мемлекет өміріндегі ролінің зор екенін көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Ал біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанды дамытудағы еңбегі ерен. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық осы зор еңбектің нәтижесі. Сондықтан біз алдағы күнге сеніммен қараймыз, балаларымыздың болашағы үшін алаңдамаймыз.

Хабар 24 телеарнасы