379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жолдарды су басып жатыр

  • 148
  • UPD: 23:54, 27.03.2019
Қарағанды облысында жолдарды су басып жатыр

Қарқаралы ауданында екі бірдей тасжолмен көлік жүре алмай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ауыл-аймақ тұрғындары айналма жол арқылы қатынап жатыр. Сонымен қатар Бұқар Жырау ауданында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз республикалық тасжолында да қауіп күшейген еді. Қазір судың  беті қайтып, жол ашылған. Жаңаарқа ауданындағы Жәйрем-Қаражал-Атасу жолын да су басқан.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары: 

- Ол жерде 1,5 диаметрлік алты су өткізу құбыры бар. Олар толық жұмыс істеуде. Судың көп келуіне байланысты кеше 200-ден астам метрдей тереңдігі 20 сантиметр су өтуі тіркелген болатын. Бірақ судың деңгейі түсті.

Хабар 24 телеарнасы