379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдің орталық саябағында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі

  • 120
Семейдің орталық саябағында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қаланың орталық саябағында болып, жобалаушылармен және БАҚ өкілдерімен кездесті.

Қала басшысы жасыл бұрыштың ауқымды реконструкциялауға ұшырайтынын айтты. Орталық саябақ қала тұрғындары үшін заманауи және жайлы демалыс аймағына айналмақ.

Жобалаушылар саябақ 4 аймаққа бөлінетінін айтты. Демалыс орнында  амфитеатр, балалар және спорт алаңдары  пайда болады. Саябақ аймағында заманауи субұрқақтар орнатылып,  барлық аумақ жарықдиодты шамдармен қамтамасыз етіледі .

Әкім Шәкәрім ескерткіші мен азамат соғысының батыры мемориалы бұрынғы жерлерінде қалатынын атап өтті . Жұмыс таяу күндері басталады. Жоба бойынша демалыс аймағын қалпына келтіру үш айға созылмақ . Жөндеу жұмыстары кезінде орталық саябақ есіктері жабылады.

Хабар 24 телеарнасы